Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талғар әкімі отставкаға кететінін мәлімдеді

Бүгiн, 21:50
196
Бөлісу:
 Талғар қаласы әкімдігі
Фото: Талғар қаласы әкімдігі

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол бұл шешімді денсаулық жағдайымен байланыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың дамуы үшін жауапты міндеттерді толыққанды әрі тиімді орындауға денсаулық жағдайым кедергі келтірмеуі тиіс деп есептеймін. Осыған байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдадым, – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Әкім бір жыл бұрын өзіне сенім білдірген қала тұрғындарына, сондай-ақ Талғар ауданының басшылығына және әріптестеріне алғыс айтты.

Алдағы уақытта да Талғар қаласының дамуына бейжай қарамаймын. Тұрғындардың игілігіне бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырамын. Қаламыздың жарқын болашағы мен тұрақты даму перспективалары бар екеніне сенімдімін, – деді Арыстанбек Әбілқайырұлы.

Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі қызметінде бір жыл екі ай жұмыс істеді. Бұған дейін «Талғар тұрғын үй» ЖШС директоры болып, өндірістік кооперативтерде және үкіметтік эксперименттік шаруашылықта басшылық қызметтер атқарған.

Өзгелердің жаңалығы