Талдықорғанның маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

30 Сәуір 2023, 20:38
1648
Бөлісу:
Талдықорғанның маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды
Фото: polisia.kz

29 сәуірде ҰҚҚКБ қызметкерлері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінде қару-жарақ сақталған қойманы анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды, - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Қару-жарақ тәркіленіп, ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы