Талдықорғанның әкімі ауруханаға түсті

18 Мамыр 2023, 16:09
951
Бөлісу:
Талдықорғанның әкімі ауруханаға түсті

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев ауруханадағы жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шаһар басшысы жоғары қан қысымымен ауруханаға түскен.

Бірнеше күн бұрын ауруханаға түсті. Жұмыс уақытында қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем көлігі келіп, жұмыстан алып кетті. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты,- дейді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Мади Шакенов.

26 сәуір күні 38 жасқа толған шаһар басшысы Әсет Масабаев қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, шешуге барынша атсалысып жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, Әсет Масабаев 2022 жылдың 4 наурызында Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Өзгелердің жаңалығы