Талдықорғанның 80 жылдығына 55 млн жұмсалады

6 Қыркүйек 2024, 17:47
584
Бөлісу:
Талдықорғанның 80 жылдығына 55 млн жұмсалады
Фото: taldykorgan-online.kz

Қала күнімен қатар келген облыс орталығының 80 жылдығы дүркіреп өткеп. Жетісулықтар дайындық үстінде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықтың бәрі АЭС-ті маңызы мен мазмұнын талқылап жүргенде, талдықорғандықтар тойға дайындалып жатыр. Қыркүйек айының соңында өтетін мерекелік шараға ондаған эстрада жұлдыздары шақырылған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков салтанатты кешке қызу дайындық жүріп жатқанын жеткізді.

Қала күні мен Талдықорғанның 80 жылдығына 55 млн теіге қаржы қарастырылған. Облыс орталығының қала мәртебесін алғанына ғасырға жақындады. Атаулы датаның ерекше өтуі үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз. «Мен Талдықорғандықпын» ұранымен өткізілетін шара қала тұрғындарының есінде қалатындай өтетініне сенімдіміз. Қала күнін тойлау бір айға жалғасып, қыркүйектің 28-не дейін аталып өтіледі, - дейді  Жеңіс Андабеков.

Барша жетісулықтарды бұл күні ерекше жаңалықтар күтіп тұр. Қала меймандары үшін түрлі концерттік бағдарламалар, спорттық шаралар және көрмелер және бірқатар нысанның ашылады. Бүгінде жекеменшік білім ордасының есігі ашылып, жас кәсіпкер Нұрдаулет Ақкөз қ пластикалық құбыр шығаратын цехті іске қосқан.

Іс-шаралардың финалдық кезеңдері ладөтеді. Мәселен, «Miss Taldyqorgan 2024» байқауы, футболдан қала әкімінің кубогі, волейболға арналған оқу-жаттығу кешені мен «Bala park» балалар ойын- сауық орталығының лентасы қиылады. Ең ғажабы, Қазақ КСР халық суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушысы Әбілхан Қастеевтің еңселі ескерткіші бой көтереді,-   Жеңіс Андабеков.

Қала халқы айтуы күнді асыға күтіп отыр. «Жастар» саябағының бас сахнасында «Қалаға сыйлық» атты 80 жұп вальс билеп, өнерпаздар ән айтады.

Өзгелердің жаңалығы