Жасөспірімдер арасындағы оқиға 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған қатысқандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілді.
Олар жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туылған оқушылары болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімінде "Бұзақылық" көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.