Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талдықорғанда жастар төбелесіп, бір жігіт пышақтан көз жұмды

26 Маусым 2025, 12:49
1395
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив/ Арман Мухатов
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив/ Арман Мухатов

Талдықорғандағы Шығыс шағын ауданында №32 үйдің жанында жастар арасында төбелес болып, оның салдарынан бір жігіт пышақтан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді, - деп мәлімдеді Талдықорған қаласының ПД баспасөз қызметі.

 Кейбір дереккөздерде тараған ақпаратқа сүйенсек, ұсталған күдікті – 2003 жылы туған азамат. Қазіргі уақытта жанжалдың себебі мен мән-жайы анықталуда.

Оқиға орнынан үзінді видео Kris_p_astana Телеграм арнасында жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы