Талдықорғанда жабайы сауда қызып тұр

17 Шілде 2023, 19:01
1579
Бөлісу:
Талдықорғанда жабайы сауда қызып тұр
Фото: автордан

Көшенің әр бұрышын жағалаған халық жеміс-жидек пен киім-кешек сатуды әдетке айналдырған. Оған басты себеп жұмыстың жоқтығы. Әйтсе де олар қаланың сәнін бұзуда дейді әкімшілік тарапы, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Ел еріккеннен шықпайды

Қазір Талдықорғанда арбат маңайына үйілген саудагерлер көп. Құзырлы органдар қуғанымен жемге үймелеген кептерде қайта қаптап алады. Бұлар басқа сауда нүктелерінің саудасы жүруіне кедергі келтіріп қана қоймай, жол бөгеп, кептеліс туғызып жатыр. Ретсіз орналасқан жабайы базарларды ретке келтіру үшін әкімдік тарапынан арнайы ұсыныс немесе арнайы жоба болғаны жөн. Себебі тұрғындар еріккеннен шықпаймыз, күнкөрістің қамы деп отыр.

Менің саудамен айналысқаныма 2-3 жыл болды. Алтын Орда базарынан сатып алып, освнда әкеліп жеміс-жидек сатамын. Мен тұрған орын Қарағаш сауда орталығына тиесілі. Азын-аулақ ақша төлеп, саудамды жасап отырмын. Жабайы сауда дегенге келмес, егер тәртіп сақшылары тиіссе орталықтың басшысының рұқсаты барын айтамын. Баға бәріне ортақ, кейбір мерзімі өтеп бара жатқан жемістерді сәл арзандадып сатамыз, - дейді сатушы Ләйлә Әлиқызы.

Жақында осы мәселеге қатысты қалалық депуттар мен қоғамдық кеңес мүшелері бірлесіп, қала басшысы Ернат Бәзілдің ұсынысын ортаға салған. Орта және шағын кәсіп көздерін қалай дамытамыз деген сауала аясында өзара әңгіме өрбіткен еді. Жабайы саудаға жол бермеу үшін қандай амал қарастырарын шешкен-ді.

Талдықорғанда жабайы сауда қызып тұр

Шаһар басшысының шешімі қандай?

Әрине заңсыз сауда қылмыспен пара-пар. Көше базарында санитария сақталмайтыны тағы бар. Оған саудагер жауапкершілік ала ма, алмай ма, ол өз алдына бөгенайы бөлек әңгіме. Сақтау мерзімі өтіп кеткен көкөністерден балалардың іші уланып жатыр, оны да ойлаған жөн, әрине.

Сауда мәселесі бізді бұрыннан толғандырып жүр. Жаңадан жаңалық ашып, біреуді кінәлағымыз келіп отырған жоқ. Әйтсе де түйткіл бұлай жалғаса берсе өзіміз жапа шегеміз. Сондықтан қайткенде де бір шешімін тауып, жабайы сауданың алдын алуға міндеттіміз. Әрине, оны ақылдасып, бұл қадамға барған азаматтармен жеке тілдесіп, жоспарлы әрі тұжырымдамалық шешім қабылдап, істі шешу шарт. Қаламыздың ең бір көрікті әрі халық серуендейтін орны – арбат. Оның өзге қалалардағыдай таза әрі тұрғындарға жайлы болғаны жөн. Сол себепті, бірлесе атсалысайық, - дейді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Оның айтуынша, жаңа құрылған Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына тың жобалар қажет. Өңірдің өркендегі қаланың әлеуметтік деңгейінен-ақ көрініп тұрады.

Мәселен, орталық базардың маңындағы көшелербің іргесі толған жабайы сауданың ошағы. Гауһар ана көшесі мен Ақын Сара көшесінің қиылысы, Қабанбай батыр мен Шевченко көшелерінде де әр түрлі тауарлар сатып тұрған шоғырды жолықтырасыз. Көлік жолын бөгеген саудагерлер, нағыз кептелістің қызған жерінде орналасқан. Жүргүзушілер көлегін қояр орын таппай дал болады. Шатыр астында болмаса, сауда нысандарының алдында көлеңкелеп орналасқан сатушылар жабайы сауда көрігін қыздырып тұр. Мұның шешімі оңай болмасы анық. Себебі, бұған дейін бір де бір әкімнің жағдайды реттеуге шамасы жетпеді. Неге десеңіз, сауда орталықтарының төбесінен қарайтын «крышасы» мықты.

Арбатты жағалағандардың дені зейнеткерлер. Әсіресе орыстың апалары. Үйде қалған ескі заттарын ұсынады. Кітап, түрлі ойыншықтар, құрылыс заттары, салаттар мен тоқыма киімдер сатып отырады. Оларға құзырлы органдар келіп тиіскенімен, басқа не істейді. Нәпақа табу керек. Негізі әкімшілік арнайы орын белгілеп, жабайы саудаға үйір адамдарды бір орынға жинаса болады. Сонда орталық көшелерде кептеліс болмайтын еді. Шешімі көп қой, тек олармен ортақ тілге келу қажет, - дейді қоғам белсендісі Әнуар Айтманов.

Талдықорғанда жабайы сауда қызып тұр

Жабайы сауданың да пайдасы бар

Тұрғындардың айтуынша, жабайы сауданың да тиімділігі бар. Ол бағаның тұрақты болуына жәрдемдеседі. Үлкен сауда дүкендерінде азық-түлік нарықтағы бағадан жоғары. Себебі олар орын үшін ақы төлейді. Сондықтан көбірек үстеме ақша қосады. Мысалға, Көкбазар, Алматы, Астана секілді сауда орталықтарында орын құны 100 мың теңгеден асады. Міне, соған орай сатушылар тауардың жалпы құнын қымбатырақ қояды. Ал бұл тұрғындар үшін тиімсіз. Сол себепті олар жайма базарлардан немесе бұрыш-бұрышта отырған саудагерлерден амалсыздан алады.

Әрине Көкбазардың ішінде бір келі алма 700 теңге болса, сыртында 600 теңге. Жүз теңге болса да ақша, сондықтан далада аламыз. Жуып, әбден тазалап жейміз. Олардың сапасында түк өзгешелік жоқ, бәрі бір жерден әкеледі ғой. Антисанитария сақталмаған дегеннің өзінде, қабығын аршып береміз балалрымызға. Мен бұдан қорқыныш көріп отырғаным жоқ, - дейді қала тұрғыны Әсел Алданова.

Ал кейбір тұрғындар жабайы саудаға қарсы. Сондықтан Магнум, Смалл секілді заманауи дүкендерден сауда жасайды. Ондағы заттар әбден тексеруде өтетіндігін алға тартып отыр.

Бұрын көшеден ала беретін едім, баламның іші өтіп, ауруханаға түскеннен кейін жоламаймын. Арнайы тексерістен өткен тауарларды алған жөн, әрі пайдалы, әрі қорықпайсың. Сыртында жарамдылық мерзімі де жазылып тұрады. Осыны ойлаған абзал, - дейді қала тұрғыны Айнұр Әлімова.

Қазір жаңадан тағайындалған қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы тұрғындардың денсаулығы үшін жабайы сауданы заман талабына сай ретке келтіруге тырысуда. Дегенмен бұрыннан келе жатқан дәстүрлі сауда түрін ауыздықтау оңайға соқпайды. Ал өңірде жұмыссыз жүргендер жетір артылады. Бұл мәселеге де кейін тоқталамыз.

Талдықорғанда жабайы сауда қызып тұр
Өзгелердің жаңалығы