Талдықорған станциясы ауданында "Bars Build" ЖШС-нің жеке кірме теміржол жолында вагондар рельстен шықты. Оқиға 31 қаңтар күні сағат 21:36-да тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚТЖ" ҰК" АҚ-қа сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, №215 қосу жолында жүк тиелген бес цистернадан тұратын топ өздігінен қозғалып кеткен. Соның салдарынан №214 сақтандыру тұйық жолындағы қорғаныс үйіндісіне соғылып, екі вагон рельстен шыққан.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, тасымалданған жүктің ағып кетуі де тіркелмеді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері тартылып, 25 қызметкер және 7 техника бірлігі жұмылдырылған.
1 ақпан күні сағат 00:25-те Талдықорған – Қарабұлақ аралығындағы аралық қозғалыс үшін уақытша жабылды. Осыған байланысты №3604 пойызы кідірген. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ бұл жағдай ұлттық тасымалдаушының жауапкершілік аймағына кірмейтін жеке кірме жолдарда болғанын нақтылады. Вагондардың рельстен шығу себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.