Талдықорғанда су желілерінен ақау шықты

Бүгiн, 15:20
224
Бөлісу:
Талдықорғанда су желілерінен ақау шықты
PHOTO
Фото: автордан

Облыс орталығында су желісіндегі авариялық жағдайға байланысты Шевченко көшесі мен Жансүгіров-Төлебаев көшелерінің арасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талдықорған қаласындағы су желілері мен жылу желілері ескергені елге белгілі. Жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатады. Биыл да бірнеше көше қазылып, құбырларды ауыстыру жұмыстары жүреді. Соның салдарынан қала жолдарының ой-шұңқыры қаптады. Алайда қала әкімдігі ағымдағы жөндеу жұмыстарынан кейін, көшелерді қайта қалпына келтіру іс-шарасы қабылданатынын айтып отыр.

Талдықорған облысы тұсында салынған су құбырларының дені тозып тұр. Былтыр қаншама су желісін жаңартты, әлі де бірнеше көшенің су желілерін жаңғырту қажет. Себебі қыстың қатты аязындағы қысымның салдарынан әрі тұрғындардың көбеюінен, жалпы сұраныс жоғары болған сайын су құбырлары жарылады. Қатты қысым тіпті темірдің өзін майыстырып жіберуі мүмкін. Қазір күн жылы болып тұр, осы сәтті пайдаланып ауыстырып алған жөн. Дегенмен мамандар іске жауапкершілікпен қарағаны абзал. Осыдан 4-5 жыл бұрын жасаған су құбырлары қайта жарылып жатыр, - дейді қала тұрғыны, сушы Алтынбек Барақанұлы.

Талдықорғанда су желілерінен ақау шықты

Қала тұрғындары жағдайдың тезірек шешілетіне сенімді. Мамандар алдын алу шараларын қабылдап, қала орталығындағы Шевченко көшесі мен Жансүгіров-Төлебаев көшелерінің арасында жөндеу жұмыстары жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстары бір тәулікке созылады. Әзірге тұрғындардан ешқандай шағым түспеді. Қала әкімдігі жұмысты бақылауында ұстап отыр.

Қала тұрғындарынан маршрутты алдын ала түзетуді сұраймыз. Қалпына келтіру жұмыстарын 25.02.2025ж. сағат 17.00-ге дейін аяқтау жоспарлануда, - дейді "Жетісу Су Құбыры" ШЖҚ МКҚК баспасөз қызметі.

 

Өзгелердің жаңалығы