Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талдықорғанда полицейлер түтінге толы пәтерден балаларды аман алып шықты

7 Қаңтар 2026, 21:48
560
Бөлісу:
 Polisia.kz
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Талдықорған қаласының Қаратал шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция ротасының үш экипажы аумақты қоршауға алып, аула мен подъездегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті. ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп тұрғындарды эвакуациялау ұйымдастырылды.

Эвакуация барысында патрульдік полиция қызметкерлері Нұрбек Төлебеков пен Нұрғиса Акматов бесінші қабатта қою түтіннің арасында адамдар қалып қоюы мүмкін екенін байқап, дереу жоғары көтерілді.

Полицейлер түтінге толы пәтерден ер адам мен балаларды тауып, оларды көтеріп алып, қауіпсіз жерге шығарды. Құтқарылған отбасы жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы