Талдықорғанда пластик цехының аумағында өрт шықты

Бүгін Талдықорған қаласындағы Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехының аумағында өрт шықты.

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 30 Сәуір 2025 2025, 22:31
30 Сәуір 2025 2025, 22:31
710
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Талдықорған қаласындағы Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері дереу жетіп, жоғарғы дәрежедегі дайындықпен жұмыс атқаруда.

Өрт орнында жедел штаб құрылып, үш жауынгерлік учаске жұмыс жүргізіп жатыр. Жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 40 адамы мен 13 техника бірлігі жұмылдырылған.

Өрттің күрделенуіне материалдардың жоғары жанғыштығы, желдің екпіні және сусыз аймақ себеп болған. Дегенмен өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толығымен оқшауланып, оның одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта басқа нысандарға қауіп жоқ.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх