«Жастар» саябағында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай арнайы кеш ұйымдастырылды. Мұнда есірткіге қарсы мақала жазған журналистер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жыл басынан бері нашақорлыққа қарсы Жетісу өңірінде жүздеген іс-шара өтіп, оған мыңдаған атам қатысқан. Тіпті, басқарма басшылары өздеріне жауапты мекемелерде арнайы насихат жұмыстарын жүргізген. Мектепішілік шаралар да ұйымдастырылып, мамандар жастарға жаман дүниеге әуес болмауын үйреткен. Бұл ретте білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов жыл басынан бері түрлі сынып сағаттары жүргізілгенін айтады.
Өкінішке қарай, есірткіге қызығушылық мектеп кезінен басталады. Жоғары сынып оқушылары түрлі синтетикалық заттарға қызығушылық танытып, өзінен үлкен азаматтардың сөзінен еріп кетеді. Біз осы ретте бірлесіп, жоғары сынып оқушылары түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Электронды темекі шегудің зиянын дәрігерлерді ертіп апарып, солардың нақты фактымен баяндадық, - дейді Сүлейменов.
Жиын барысында өңірдегі баспасөз қызметінің өкілдері мапаратталды. Олар да осы тақарып шеңберінде жазған мақалаларын ұсынған. Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Өңір шағын болғанымен жастар жағы есірткіге жиі бой алдырып жатыр. Бізді осы дүние алаңдатады. Жыл сайын жүздеген оқиға тіркеледі екен. Бұл өте ауыр қылмыс. Әсіресе 25 жасқа дейінгі буынның әнтек әрекеті ел үшін өте қауіпті факт, - дейді байқау жеңімпазы, журналист Айдар Қалиев.
Аталған кеште салауатты өмір салты қағидаларын насихаттап, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізген бірқатар жан арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жауынгерлер өнер көрсетіп, өнер майталмандары ән айтты.