Талдықорғанда екі наркозертхана әшкереленді: 1,3 кг мефедронмен шетелдіктер ұсталды

Жетісу облысында полиция екі наркозертхананың жолын кесті. Талдықорғанда 1,3 кг-дан астам мефедрон тәркіленіп, шетелдік күдіктілер ұсталды.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 13:33
Бүгiн 2026, 13:33
107
Фото: видеодан алынған кадр

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласында әрекет еткен екі наркозертхананың қызметін әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бір қылмыстық схема аясында әрекет еткен 31 және 21 жастағы екі шетел азаматы ұсталды. Тергеу барысында олардың синтетикалық есірткі заттарын дайындаумен айналысқаны анықталды. Тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реагенттер, сондай-ақ өткізуге дайындалған 1,3 килограмнан астам мефедрон тәркіленді, - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, соның ішінде ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымы міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Мұндай қылмыстардың жолын кесу – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен азаматтардың болашағын қорғауға қосылған маңызды үлес.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)

Наверх