Талдықорғанда былтыр зорлық-зомбылық көрген 900-ден астам әйел көмекке жүгінген

28 Сәуір 2022, 18:29
1627
Бөлісу:
Талдықорғанда былтыр зорлық-зомбылық көрген 900-ден астам әйел көмекке жүгінген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы зорлық-зомбылық көрген 989 әйел Талдықорғандағы аймақтық әйелдерді қолдау орталығына көмекпен жүгінген. Бұл туралы аталған орталықтың басшысы Жанар Нұрмұханова «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, қоғамда зорлық-зомбылық көрсету әлі тиылмай тұр. Отбасылық жанжалдан мыңдаған ана мен баланың көз жасы төгілуде.

«Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-на өткен жылы жақындарынан зорлық-зомбылық көрген 989 әйел жүгініпті. 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұйым зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, қиын жағдайда қалған әйелдерге психологиялық және заң жағынан көмек көрсетеді. Қоғамдық бірлестік облыстық Полиция департаментімен бірге тағдыр тәлкегіне түскен әйелдерге көмекке келеді. 

Жанар Нұрмұханованың айтуынша, 2018 жылы Алматы облысында дағдарыс орталықтарының ашылуымен әйелдерді қолдау орталығындағы уақытша паналау орыны жабылған. 

Соңғы төрт айда біздің орталық 27 әйелге қызмет көрсетті. Олар әсіресе психологиялық, заңдық,  жұмысқа орналастыру және уақытша паналау орны бойынша жүгінеді. Бізде уақытша паналау орыны қарастырылмағандықтан оларды дағдарыс орталықтарына жібереміз,-дейді орталық басшысы.

Аталған орталық өзге де ҮЕҰ бірге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қала аудандарға шығып тұрады.
 

Өзгелердің жаңалығы