Талдықорғанда биыл 54 км жол жөнделеді

26 Маусым 2024, 17:50
216
Бөлісу:
Талдықорғанда биыл 54 км жол жөнделеді
Фото: автордан

«Облыс орталығының көше жолдары бүлінгенін айтып тұрғындар шағым жасаған еді. Осы ретте қала ішіндегі 54 шақырым көше жолдары жөнделетін болды», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі мамандарының сөзінше, жол салу жұмыстары қаланың бірнеше шағын ауданында жүреді. Атап айтсақ, «Жастар-1» шағын ауданында 53 көшеге, Солтүстік-Батыс ауданында 45 көшеге және 8,9 аудандарында 9 көшеге жаңа асьфалт төселеді.

Жалпы 28,8 шақырым жол жаңадан салынса, 14,6 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ жол жамылғысын айырбастауды керек ететін 18,4 шақырым ұзындықтағы 16 көшеде орташа жасалады. Одан бөлек

17 шақырымнан астамына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы жылы ағымдағы жөндеу шаралары былтырмен салыстырғанда ертерек басталды. Бүгінде ретке келтіру жұмыстары жүйле ітүрде атқарылуда. Біз қала тұрғындарының өтінішіне сай қызмет көрсетіп жатырмыз. Бірнеше көшенің жол төсемі қалпына келтіріліп, ойық-шұңқырлар толықтай жамалып жатыр. Көктем кезінде қар суынан бүлінген жолдарды да қалыпқа келтіреміз, - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбақыт Алтынбеков.

Талдықорғанда биыл 54 км жол жөнделеді

Айта кетейік, алғашқы жөндеу жұмыстары көктем мезгілінің ортасында басталған еді. Қазір мамандар халық көп жүретін шағын аудандарды ретке келтіріп жатыр. Бұл жұмыстар жаз айының соңына дейін жалғасады.

Тағы айта кетеін жайт, жүзден астам жаңа жол белгілері және 380 метр жолдағы жасанды төмпешіктерді қалпына келтіру міндеттелеген. Сонымен қатар, автокөлік көп жүретін көшелерге қосымша 4 бағдаршам орнатылатын болады. Жылыту маусымына дайындық барысында қазылған көшелерді де қалпына келтіру жұмыстары да қолға алынады.

Өзгелердің жаңалығы