Облыс орталығында жаңа электр желілерін іске қосу жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Талдықорғанда 0,4 кВт-ты құрайтын электр бағанасын орнату жұмыстары жоба шеңберінде жоспарға сай қарқынды басталып келеді. Аталған жоба бойынша 20-дан астам учаскелерде электр желілерін қосу жоспарланып отыр. Ал 2025жылдың жоспарында 500-ге тарта электр жүйелерін іске қосу қолға алынған. Бұл жоспарлар кезең-кезеңімен орындалып, сала мамандарының қатаң назарына алынатын боладыдеп ескеріледі.
Мамандардың тәртібіне, жұмыс жоспарына сәйкес, өңделетін аумақтар да рет-ретімен бөлінген. Мәселен, жұмыстар Ынтымақ, Көктал, “Жастар 1” тұрғын үй алабтары, Шайқорған саяжайлары, “Батыс” аудандарында жүрмек. Демек, олар бірінен соң бірі жүзеге асып отырады. Бұл игі жобаны “Гүлім и компания” ЖШС мердігер ұйымы өз назарына алған.
Негізінен осындай жобалардың көптеп қолға алынғаны өзім өте құптаймын. Облыс болғасын тек орталық көшелерге ғана көңіл бөлінбеуі керек. Барлық жер бірдей қамтылып,жабдықталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуы шарт. Мына жобаға сәттілік тілейміз, ең бастысы халықтың разы болғаны, - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Бердібек Жетпісбай.
Тұрғындар тарапынан аталған жобаға қатысты оң пікірлер айтылып, ел арасында қолдауға ие болуда. Бұл тұрмыстық жағдайды жақсартып қоймай, қаладағы өндірістік қуатты арттыруға септігін тигізбек.
Қала инфрақұрылымын жақсарту, оларды жаңарту жұмыстары жоғарғы деңгейде орындалып жатқандықтан, тұрғындарға барынша сапалы электр көзін ұсына алады. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары қызу басталып кетті. Қазір“Оңтүстік-Шығыс” ауданына қарасты“Гүлдәурен” көшесінде белсенді түрде жүріп жатыр.