Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талдықорғанда 3,5 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Бөлісу:
 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  - BAQ.KZ архиві
VIDEO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - BAQ.KZ архиві

«Жалған нөмір» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Талдықорған қаласында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады. Оның айыппұлдарының жалпы сомасы 3 578 120 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, «Қорғау» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы полиция қызметкерлері Kia Sorento маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған. Тексеру барысында соңғы бір жыл ішінде Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы аумағында аталған көлікке қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бірнеше рет тіркелгені анықталды.

Төленбеген әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 3 578 120 теңгені құрады. Заң талаптарына сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көлік құралының иесіне жүктеледі. Әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес автокөлік ұсталып, Талдықорған қаласындағы арнайы айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады облыстық ПД.

Жетісу облысының полиция департаменті әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтару, сондай-ақ ірі қарызы бола тұра көлік басқару заңды өрескел бұзу болып саналатынын атап өтті. Мұндай құқықбұзушылықтар көлік құралын басқару құқығын шектеу және автокөлікті эвакуациялау сияқты мәжбүрлеу шараларына әкеп соғады.

Өзгелердің жаңалығы