Талдықорғанда 14 жасар оқушы қыз іздестіріліп жатыр

Талдықорған қаласында жоғалып кеткен 14 жасар қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 Желтоқсан 2023 2023, 19:22
АВТОР
 30 Желтоқсан 2023 2023, 19:22
30 Желтоқсан 2023 2023, 19:22
943

Талдықорған қаласында жоғалып кеткен 14 жасар қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдықорған қаласының ПБ мәліметінше, 28 желтоқсанда полиция бөліміне мектептердің бірінің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жастағы оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полицияның қызметкерлері айналысуда. Оның жоғалуының барлық мән-жайлары анықталуда.

Іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған.Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынуда. Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр , сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасуда, - делінген хабарламада.

Наверх