Олардың бірде бірінің құжаты жоқ екені анықталды. Қазір қалада жер учаскесін өз бетімен алып, оған үй немесе кәсіпкерлік нысанын салған тұрғындардың тізімі жасалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды. Оларға тиісті мекемелер тарапынан жердің құжатын заңдастыру керектігі туралы ескерту хаттамалары жолданды.
Оны елемеген азаматтарға заң аясында айыппұл салына бастайды. Хаттама алған тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тез арада құжаттарын рәсімдеуге кірісуі керек. Олай болмаған жағдайда жеке тұлғаға 230 мың теңге, ал орташа кәсіп иесіне 500 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.
Үш ай мерзімде Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы жерлерін заңдастыруға мүмкіндік бар. Жерлерін заңдастырмаса, штраф бөлімдері көрсетілген. Физ лицоға 75 АЕК, үлкен кәсіпкерлерге 700 АЕК көлемінде айыппұл көрсетілген, - деп жазды «Азаматтарға арналған үкімет» МК АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Бекзат Тастанбаев.