Абай облысында ТЖД, ЖАО және полиция күштері Талдықорған – Семей автожолынан 13 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23:20-да Аягөз қаласынан жолдың жабық учаскесінің алдында ТЖД, ЖАО және полиция күштері Талдықорған – Семей қатынасымен жүретін жолаушылар автобусынан 13 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады, - деп жазылған ТЖМ мәліметінде.
Жолаушылар Аягөз қаласындағы жылыту пунктіне орналастырылды.
Құтқару жұмыстарына 5 адам және 3 техника жұмылдырылды.