Осыдан 3-4 жыл бұрын-ақ күрделі жөндеуден өткен орталық саябаққа қайта қаржы бөлінген. Тұрғындар жөнделгенімен ешқандай өзгеріс болмайды деп отыр, деп хабарлайдыBAQ.KZ тілшісі.
Ертеден келе жатқан шаһардың сәніне айналған Талдықорған орталық саябағы көпке мәлім. Жылара шағын жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Дегенмен соған халықтың көңілі разы емес. Қанша күрделі жөндеуден өтсе де айтарлықтай өзгеріс болмаған.
«Жалпы қала аумағында қала аумағында 126 гектарды құрайтын 5 саябақ, 40 сквер орналасқан. Ондағы гүл бағын жайқалып, шөптері мен ағаштарын кесу жұмыстарына бекітілген мердігер ұйымдары жауапты. Саябақтар мен скверлерді қоқыстардан күн сайын тазартқанмен кей жерлері сын көтермейтін жағдайға жеткен. Осылайша қала тұрғындарының басым бөлігі демалатын «Жастар» және орталық саябақтарын қалпына келтіру мақсатында жол төсемелерін жаңартылып, енді орталық саябақтың аркалары қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бүгінде, қарқынды түрде жүргізіліп жатыр», дейді қала әкімі Ернат Бәзіл.
Әрине, саябақтың жаңарып заман талабына сай жабдықталғаны дұрыс. Бұған дейін күрделі жөндеуден өткен орталықты жаңа форматта жабдықтаған жөн. Оны қала тұрғындары осыған дейін жергілікті билікке жеткізген еді.
«Бұл саябақ осы қаладағы ең көрікті жердің бірі болған, әлі де сол қалпын сақтап келеді. Бірақ жылдан жылға тозып барады. Әйтеу былтырлары күрделі жөндеуден өткен еді. Міне тағы әр жерін бір шұқылап, ретке келтіріп жатыр. Біздің бала күніміздің естеліктері секілді. Сол айналмалы әткеншектер, тас мүсіндер әлі тұр. Ол қазіргі балаларға қызық емес», дейді қала тұрғыны Айнұр Ақжайық.
Айта кетейік, аталған нысанды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.