Облыс орталығындағы базарларды қала сыртына қарай ойыстыру жұмыстары біртіндеп жүріп жатқандай. Алдағы уақытта орталық көшелерге жаңғырту жұмыстары жасалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қала үлкейген сайын кептеліс көбеюде
Облыс орталығы жылдан жылға кеңейіп келеді. Болжам бойынша, маңайындағы Еңбек, Еркін, Бақтыбай секілді ауылдар болашақта қаланың шағынаудандарына айналуы мүмкін. Себебі, алдағы 3-4 жылда қосымша 2 ықшамауданының құрылысы жүреді. Демек АКЛ-дің айналысы толықтай көпқабатты үйлерге толады деген сөз. Оның арғы жағында тұрған елді мекендердің де қалаға кіруі ықтимал. Мәселен, бүгінде қала орталығындағы базарлардың басқа жерге көшіру жұмыстары күн тәртібінде тұр. Неге десеңіз, бұған дейін қаншама әкім Қарағаш сауда орталығының алдындағы шағын дүкендер мен жабайы базарды жоя алмаған еді, жаңа басшылық бұл жұмысты бір-ақ жылды реттеп тастады. Қазір бұрынғыдай емес, көлік қоятын орындар мен автотұрақтардың саны көбейіп келеді.
Қаланың көкейіп кел жатқаны білінеді. Мені қуантатыны қал маңйындағы ауылдарға білім мекемелерін салу жоспарының жүзеге асуы. Мәселен, Еңбек ауылына баратын жолдың екі беті жер үйге толы. Ондағы балаларға мектеп алыс. Сондықтан Жастар 1 мен Үштөбе қаласынан баратын жол шетінде тұратын халыққа арнап мектеп салу керек. Бұл кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Орталық базарға бәрі үйіліп алған. Қалалық емхана да сонда орналасқан. Барсаңыз, көлік қоятын орын таба алмайсыз. Себебі Шапағат базары қасында тұр. Оны арғы жағы жайма базарға ұласады. Сол маңды бір тазарту керек. Немесе Еңбек ауылына баратын жолда бос орындар көп. Сол аққа ауыстырса тиімді болады. Қазір қала сыртындағы ауыл тұрғындарының 70-80 паызы Талдықорғанда жұмыс істейді. Таңда кептеліс көбейіп келеді. Кешке жақында үйге бөгеліп жететін болдық. Көлік те қаптап келеді, -дейді Еңбек ауылының тұрғыны Айнұр Жантілеуова.
Жалпы базар дегеннен шығады, қазір облыс орталығындағы базарлардың бәрі Қабанбай көшесі мен Гауһар ана көшесінде орналасқан. Мына беті арбатпен жалғасып жатыр. Халық көп жүретін, серуендеп сейіл құратын көшелер де сол маңға жақын. Орталық саябақ та Қабанбай көшесінің бойында болғандықтан мереке күндері көлік тұрмақ, адам жүретін ине шаншар орын қалмайды. Сондықтан сол жақтағы базарларды біртіндеп басқа көшелерге ауыстыру жұмыстары жүріп жатқандай көрінеді.
.jpeg)
Өздеріңізге белгілі, сауда базарларын жаңғырту мәселесі Сауда және интеграция министрлігінің ерекше бақылауында тұр. Бүгінгі таңда барлық сауда базарлары үшін жаңғыртудың бірыңғай мерзімі - 2025 жылғы 31 желтоқсаны болып заңнамамен белгіленген. Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді. Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтерге сай елімізде 644 базар бар. 2025 жылға Республика бойынша 100 базарды жаңғырту жоспарланған, оның ішінде Жетісу облысында – 6 сауда базары бар. Атап айтсақ, Талдыкорган қаласындағы «Шаған» сауда базары Текелі қаласындағы «Руал», Ескелді ауданына қарасты «Кущанова ЖК» пен «Нусупов ЖК», Көксу ауданына қарасты «Ауыл» мен «Центральный» базарлары жұмыс істейді. Жол картасына сәйкес базарларды жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, жұмыс жобалары, эскиздік жобалар мен жобалау- сметалық құжаттамалар әзірленуде. Қажетті құжаттар келісіліп, бекітіліп жатыр, топотүсірілім жүргізілуде, сондай-ақ аумақтарды қоршау, қойма үй-жайларын бұзу және тағы басқа жұмыстар жүргізіліп жатыр, -дейді Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ербол Агибаев.
Оның айтуынша, сауда базарларының жай-күйін бағамдау мақсатында аталған ведомства өкілдері осы жылы ақпан-сәуір айларында базарларды аралау кестесін бекітіп, соған сай жұмыстары жүргізіп жатыр. Сапар барысында барлық өңірдің базарларын егжей-тегжей түгендеу жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмыс әкімдіктер, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және СЭС органдарының өкілдерімен бірлесіп атқарылады. Нәтижесінде базарларды қазіргі ахуалына қорытынды жасалады.
Базарды жаңғырту жұмыстары жүргені жақсы шығар, бірақ басқа жерге ауыстыру мәселесі біздің жағдайымызды қиындатып жібереді. Себебі қаланың сыртына қала ішіндегі тұрғындар келмейді. Оларға сырттан сауда жасау тиімсіз. Осы тұрғыдан біз қиналып қаламыз. Оның үстіне бала-шағасының бәрін осы саудамен бағып отырған шағын кәсіпкерлер көп. Олардың жағыдайына кім қарайды. Жабайы саудаға адам еріккеннен шықпайды, Базарды басқа жақса апарсақ, жабайы сауда жасайтын адамдар азаяды деген ойы шығар. Оған мен келіспеймін. Бәрібір халық көшеге шығып сауда жасай береді. Сенбілік базарларға шығады. Мен базарды басқа жаққа жылжытқанына қарсымын, -дейді саудагер Халима Балашарова.
Базарларды жаңғырту басты назарда
Жетісуда базарларды жұмыстары басталып кетті. Мамандардың айтуынша, бұл бизнес өкелдерінің әлеуметтік жауапкершілігі сезіндіруде маңызды қадам болып саналады.. Модернизиция тек сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да қолайлы және қауіпсіз жағдай жасайды. Әкімдіктер мен бірлесіп жаңғыртуды уақытылы әрі сапалы жүргізу және модернизацияға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді жою бойынша жұмысы күшейтіледі. Бұл тұрғындары үшін де тиімді әрекет болмақ.
Келер жылы қаңтар айынан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жаңғыртуды қамтамасыз етпеген сауда базарларының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жоспарланған. Заңама бәріне ортақ екенін айта кетейін. Қараңыз, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-2-бабына (Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру бойынша ҚР-ның сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу) сәйкес ескерту жасауға алып келеді. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Бұл шамамен 98 300 тенге. Мәселен, Текелі қаласында орналасқан "Руал" базарының иесі тарапынан нарықты жаңғырту бойынша жұмыс 2022 жылдан бастап жүргізілуде сауда үй-жайы салынды, ет павильонында жөндеу жұмыстары жүргізілді, -дейді жауапты департамент өкілі Ербол Агибаев.

Өткен жылы санитарлық-гигиеналық тораптар салынды, аумақты асфальттау жүргізілді. Қазіргі уақытта азық-түлік тауарларына арналған сауда үйі салынуда. Бетон конструкцияларын орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп, олардың сэндвич панельдерінің шатыры жабылып, фермалар орнатылды. Департамент қазіргі уақытта облыс нарықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар ерекше бақылауда.
Орталық базардың орнын ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл базар – қала тұрғындарының басым бөлігіне қолайлы әрі тиімді сауда орны. Көпшілік мұнда күнделікті азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды қолжетімді бағамен сатып алу үшін келеді. Егер оны қала сыртына көшірсе, қарапайым халыққа қиындық туындайды.Қазірдің өзінде азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Егер базарды алысқа апарса, бізге қосымша шығын шығарып, жолға уақыт жұмсауға тура келеді. Бұл әсіресе, жасы үлкен адамдар мен қоғамдық көлікпен жүретіндер үшін ыңғайсыз. Оның үстіне, қала сыртындағы базарларға адамдар аз баратындықтан, сауда айналымы төмендеп, шағын кәсіпкерлердің табысына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Иә, орталықтағы кептеліс мәселесі бар екенін жоққа шығармаймын. Бірақ оны шешудің басқа жолдарын қарастырған жөн. Мысалы, тұрақ мәселесін реттеу, базарға жақын жерлерде көлік қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру сияқты шаралар қарастырылса, арбаттағы қозғалыс ретке келеді. Ал базарды қала сыртына көшіру – халықты сенделтіп, қосымша қиындықтар тудырады. Сондықтан мен бұл шешіммен келіспеймін, -дейді қала тұрғыны Айнұр Тілемекова.
Осы тұста айта кетейік, азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін де осындай амалдарға барып жатқандай көрінеді. Себебі жаңа орындардан саудагерлер жалдамалы орындардың айлық ақысы төмен болуы мүмкін. Осы жылы 15 наурыздан бастап ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер күшіне енеді. Егер бұрын ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асырғаны үшін өндіріп алу ескерту болса, онда ағымдағы жылғы 15 наурыздан бастап осы құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салуға әкеп соғады. Бұл тәртіп барлық сауда дүкендеріне қатысты.
Қаланың дамуы үшін базарды сыртқа көшіру – ең тиімді шешімдердің бірі. Көптеген дамыған мегаполистерде дәл осындай өзгерістер орын алып жатыр. Базарлар қала шетіндегі кең аумақтарға ауысып, ал олардың орнына заманауи демалыс аймақтары, кең жаяу жүргіншілер көшелері мен көлік қозғалысын реттейтін инфрақұрылым жасалуда. Сондықтан әкімнің бұл бастамасы өте орынды деп санаймын. Қазіргі таңда орталық базар орналасқан аймақ адам көп жиналатын әрі көлік қозғалысы өте қарқынды жер. Әсіресе, мерекелер мен демалыс күндері кептеліс күшейіп, жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де қолайсыздық туындайды. Мұндай мәселені түбегейлі шешу үшін базарды қала сыртына шығарған жөн. Менің ойымша, базарды «Еңбек» ауылы маңына көшіру ең ұтымды нұсқа болар еді. Бұл жер қаладан алыс емес, сондықтан тұрғындарға бару қиындық тудырмайды. Сонымен қатар, кең аумақтың болуы тұрақ мәселесін шешуге, сауда алаңдарын заманауи талаптарға сай реттеуге мүмкіндік береді. Қала өркендей түсуі үшін мұндай өзгерістер қажет деп есептеймін, -дейді қала тұрғыны Жәмила Қарамысова.
Азық-түлік бағасы үнемі қадағаланады
Бүгінде аталған департамент өкілдері апта сайын ӘМАТ бағасына мониторинг жүргізеді. Бұл әрекет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің (2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ) бұйрығына сай жүргізіледі. Сонда бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес 19 атаудан ӘМАТ тұрады. Оларға тоқталып өтсек, көкөніс тобы, оған картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат жатады. Ал ет тобына сиыр еті тауық еті кіреді. Мұнда сүйекті жауырын-төс бөлігі мен сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілікті есептеп отыр. Оған қоса сүт тобы да бар.
Жалпы мониторнигтік жұмыстар азық-түліктің бәріне жүргізіледі. Халық көп тұтынатын өнімдерге міндетті түрде бақылау жасалады. Мәселен, сұт өнімдерін алып қараңыз. Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада болуы шарт. Одан кейін майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада, сары май тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ болуы шарт. Ал сүзбенің майлылығы 5-9% және басқалары да сол мөлшерде болғаны абзал. Оған қосымшаб ірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), жұмыртқа, тұз осы өнімдерге зерттеу жүргізіледі, -дейді департмент өкілі.
Қараңыз, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында бәрі тайға таңба абасқандай жазылған. Сол бабқа сай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің немесе сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайды. Бұл тәртіпке бағанбағандар заң аясында жауапкершілікке тартылады. Бұл да сонда жазылған. Яки, әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін артттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік жазаға тартылады.

Азық түлік бағасының өсіп бара жатқаны анық. Бұрынғыдай емес, тіпті жалақымызды әрең жеткізетін болдық. Қала тұрғындарының көбі сенбілік базардан барып сауда жасайды. Себебі сол жерде арзан. Жағдайы төмен отбасылардың дені жайма базардан азық-түлік алады. Оның сапасына ешкім қарап жатқан жоқ. Ал неге қымбат десеңіз, төлейтін арендасын айтады. Сондан кейін доллор бағамына да байланысты екен, - дейді Еркін ауылының тұрығын Қарашаш Ракимова.
Өңір экономикасының һәм әлеуметтік жағынан да даму процессіне базардың рөлі жоғары. Оны ешкім жасыра алмайды. Жанбағыс еткен жұрт айлық өмірін сол базардан ажыратады. Оны бағамдау үшін әуелі олардың да сөзіне құлақ салып, қарекетіне көз салу қажет.
Менің ойымша, орталық базардың орнын ауыстыру – дұрыс шешім. Себебі қазіргі таңда арбат көшелерінде көлік кептелісі жиі орын алады, әсіресе мерекелер мен демалыс күндері. Бұл тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық туғызады. Адамдар базарға барып-келу үшін көліктерін жол жиегіне қояды, соның салдарынан негізгі қозғалыс қиындай түседі. Бұдан бөлек, базар – адамдардың көп шоғырланатын жері. Сауда-саттық кезінде көліктердің үздіксіз ағылып келуі экологиялық мәселеге де әсер етеді. Қала тұрғындарына таза ауада серуендеп, демалатын аймақтар қажет, ал қазіргідей жағдайда арбаттың серуен аймағы ретіндегі маңызы төмендеп бара жатыр. Егер базарды қаланың шетіне немесе инфрақұрылымы дамыған басқа аймаққа көшірсе, бұл көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, қала ішіндегі мәдени-демалыс орындарының кеңеюіне мүмкіндік берер еді. Сондықтан мен бұл бастаманы қолдаймын, - дейді қала тұрғыны Едіге Әбілбек.
Саудагерлер елеңдеп отыр. Бұрынғыдай емес, қазір заң қатал. Жабайы базарға шыққандарды тәртіп сақшылары күштеп шығаруғы құқылы. Көше тәртібін бұзғандардың бәрі жазадан құтылмайды.