Қалалық білім мекемелері цифрлық технологияларды кеңінен қолдану. Мектеп оқулықтарының толық электронды форматқа көшіріліп, Интернет жылдамдығы жақсарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда білім сапасын арттырудағы маңызды қадам – цифрлық технологияларды енгізу. Бұл дамуға жол ашар бағыт болмақ. Соған сай арнайы платформалар да белсенді түрде қолданылуда. Бұл жұмыстар үдеріс заманауи өмірге бейімдеу және оларда ерте жастан цифрлық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
5 жылдан бері мұғалімдердің еңбекақысы жыл сайын 25%-ға өсіп келеді. Сонымен қатар, біліктілік санаты бар педагогтерге төленетін үстемеақы 30-50% аралығында артты. Соның нәтижесінде, 2023 жылға қарай мұғалімдердің орташа жалақысы екі есеге ұлғайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап 1–4 сынып оқушылары үшін мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Бүгінде Талдықорған қаласында бастауыш сынып оқушылары толықтай осы бағдарламамен қамтылған, - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Шынар Шарипбаева.
Оның айтуынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары тегін тамақтанады. Мәселен, облыс орталығындағы 27 мектептегі 18 801 оқушы осы қолдауға ие. Оған қоса материалдық-техникалық базасы жаңартылған.
Бүгінде білім беру мекемелері заманауи құрылғыларға ие. Мәселен сыныптарға робототехника, химия, биология, физика және STEM бағыттары бойынша жабдықтар бар. Бұл баланың ынтасын артырады. Жаңа үлгідегі сыныптарда сабақ беру жеңіл әрі қолайлы. Сондықтан мұғалім үшін де маңызы зор, - дейді педагог Раушан Құрманалиева.
Айта кетейік, алдағы 5 жылда қала мектептерінде кемінде 100 заманауи пәндік кабинет ашу көзделуде.