Жастар саябағына мыңдаған жетісулықтар жиналуда. Әуе шарларын аспанға көтеріп, ұлттық ойындар мен балалар ойындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір жылға жуық уақт шеіберінде даындалған қала күні салтанаты биыл ерекше ұйымдастырылған. Себебі Талдықорған қаласының құрылғанына 80 жыл толып отыр. Атаулы мезетті халықтың ыстық ықылыспен күткені белгілі. Сол үшін қала әкімдігі баршажұрттың есінде қалатындай түрлі іс-шаралар өткізді. Ең бастысы кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, қарттарға да көңіл бөлінді.
Тарихы терең Талдықорған тотыдай түрленіп келеді. Қаншама тұрғын осы күнді күтті. 200 мыңға тарта тұрғыны бар шағын шаһарда көз тартар ғимараттар бой көтеруде. Көшелері мен аулалары таза қала атанған Талдықорған келешекте туристік аймаққа айналатынына күмән жоқ. Жетісудың бас қаласының болашағы жарқын болсын. Барша халықты мерекемен құттықтаймын, дейді қала әкімі Ернат Бәзіл.
Қала күні қарсанында театр қойылымдары, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, спорттық шаралар өтеді. Одан бөлек 80 жұп вальс билеп, мерекелік отшашулар көкке самғайды.
Мен осы қаланың тұрғыны болғаным қуаныштымын. Талдықорған таза қала ғанаемес, жанға жайлы жып-жылы шаһар. Мұнда қызық қуып келуге болмайды, мұнда тұмса табиғат аясында ми тынықтыратын әсем күй іздеп келу керек. Қаншама адамдар көшіп кеткенімен қайтып оралып жатыр. Себебі көңілін жай жерден жырақта өмір сүре алмайсыз. Қала күні баршамыздың көңілімізді көркейтер айтулы сәт. Сондықтан той құтты болсын», дейді қала тұрғыны, ақын Жангелді Немеребаев.
Айта кетейік, салтанатты шара бір күнге жоспарланған. Саябақта кешке таман өнер жұлдыздары ән айтады. Үлкен сауық кеш ұйымдастырылып, тұрғындарға сыйлықтар таратылады.