Талдықорғанда көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

8 Қаңтар 2021, 02:30
1438
Бөлісу:
Талдықорғанда көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласындағы «Жетісу» шағын ауданында көпқабатты үйдегі пәтерде жарылыс болды. Салдарынан 1954 жылғы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Тағы екі тұрғынды қалалық ТЖБ мамандары автосатымен төртінші қабаттан түсіріп алды. 30 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жалындаған отты сөндіруге ТЖД қызметкерлері, полиция және өзге де құрылымдардан 50-ден аса маман мен 16 техника жұмылдырылды. Бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде өрттің шатырға және өзге пәтерге таралуына жол берілмеді, – делінген хабарламада. 

Алдын ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға 25 литрлік баллонның жарылып, газдың бөлмеге таралуы себеп болған. 

Айта кетейік, бұл күн суытқалы облыс орталығында болған екінші оқиға. Қараша айында Еркін ықшам ауданындағы жер үйлердің бірінде газ баллон жарылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы