Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстың басым бөлігі көп пәтерлі үйлерде болады. Енді тәртіп сақшылары жергілікті әкімдік және жеке пәтер иелері кооперативінің төрағаларымен бірлесіп мәселені бір жақты шешуге күш салмақ. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Осы орайда жалға берілетін пәтерлерді тізімдеп қадағалау мәселесі көтеріліп отыр. Аулаларды сыртқы бейнебақылау камерасымен жабдықтауға да күш салынады.
«Бүгінгі күні өте күрделі мәселе шешілді. Енді алдағы уақытта бұндай кездесу аудан, қалалардың барлығында, үлкен елді мекендерде өткізіледі», - дейді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Марат Күштібаев.