Талдықорғанда карантин кезінде 10 000 маска әлеуметтік кәсіпорында тігілді

26 Маусым 2020, 16:50
2104
Бөлісу:
Талдықорғанда карантин кезінде 10 000 маска әлеуметтік кәсіпорында тігілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың көктемі бәріміз үшін оңай болған жоқ, ол көптеген адамдар үшін нағыз сынақ болды, әсіресе шағын кәсіпорындарға әсер етті. Бірақ уақыт "толқынға ілесіп", ағымдағы жағдайға тез бейімделе алатын адам ғана аман қалатынын көрсетті.

"Жігер" мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты бағыты - жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру. Бірлестік базасында тоқыма қайта өңдеу бойынша тігін цехы жұмыс істейді. 2019 жылы қоғамдық бірлестік әлеуметтік кәсіпкерлік жолымен жүруді шешті, "Ескі заттардың жаңа өмірі" жобасын әзірледі және "Әрекет" жобасы аясында "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан грант ұтып алды.

WhatsApp Image 2020-06-26 at 16.05.39 (1).jpeg

Грант қаражатына өнеркәсіптік тігін жабдығы сатып алынды, ол жұмыс орындарының санын кеңейтуге мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 12 әйел жұмысқа орналастырылды. Кәсіпорын төсек-орын және үй тоқымасын шығаруды, сондай-ақ балалар киімін тігуді жолға қойды. Алайда пандемия өз әсерін тигізбей қоймады. "Жігер" командасы бірден жауап берді: өндіріс тоқтаған жоқ, бірақ қайта жанданды. Енді көп реттік қорғаныш маскаларын шығару керек деп шешілді.

WhatsApp Image 2020-06-26 at 16.05.39 (2).jpeg

Қатаң карантиндік шаралар қабылданғанға дейін біз цехта жұмыс істедік. Сапалы материалдарды пайдаланып, маскалар тігілді. Біз бірден өнімнің бір бөлігін қайырымдылыққа – көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге табыстаймыз деп шештік, - дейді "Жігер" ҚБ жетекшісі Ажар Қыдыралина.

Карантин кезінде 10 000 маска тігіліп, 4 000 маска қайырымдылыққа берілді, қалғандары сатылды. Табыс материал сатып алуға және цех қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалды.

WhatsApp Image 2020-06-26 at 16.05.38.jpeg

Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан соң біз қызметкерлерді үйден жұмыс істеуге жіберіп, оларға тігін машинкаларын таратып бердік. Біз үшін карантин лайықты түрде жеңіп шыққан сынақ болды. Біздің қызметкерлеріміздің ешқайсысы жұмыстан айырылып, жұмыссыз қалған жоқ, - дейді Ажар Қыдыралина.

Қазір маскалар шығару тоқтатылды, ал тігін цехының қызметкерлері декор элементтерін дайындаумен айналысуда: олар өз қолдарымен бойлық және үстелдік шамдар, себеттер жасайды, сондай-ақ ескі заттарды қайта өңдейді және қалпына келтіреді. Өндірілетін өнім жергілікті тұрғындар арасында сатылады, өнімнің құны 8 000-нан 20 000 теңгеге дейін, олардың барлығы - эксклюзивті.

WhatsApp Image 2020-06-26 at 16.05.37.jpeg

Әсіресе өңірлерде жұмыссыздық мәселесі өзекті болып қалуда және бұл мәселені елемеу дұрыс емес болар еді. "Ескі заттардың жаңа өмірі" жобасы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған және мұнда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан әйелдерге ерекше көңіл бөлінеді. Жалақы оларға сатылатын өнім есебінен беріледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік осылай жұмыс істейді, - дейді "Samruk-Kazyna Trust" Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

"Жігер" ҚБ-нің жоспары - Талдықорған қаласының жұмыссыз азаматтарына жұмыс орындарын ұсынып, өз өндірісін кеңейте отырып, әрі қарай өсе беру.


Өзгелердің жаңалығы