"Талдау мектебінің" төртінші кезеңі басталады

Бүгiн, 16:58
117
Бөлісу:
"Талдау мектебінің" төртінші кезеңі басталады
Фото: сенат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Талдау мектебінің» төртінші кезеңі басталғаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін «Талдау мектебі» жобасының төртінші кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің орнықты дамуы жолында талдау тәсілдері маңызды рөл атқаратынын үнемі айтып келеді.

Осыған байланысты біз әріптестерімізбен бірлесіп, бірнеше жыл бойы жас мамандардың аналитикалық қабілеттерін дамытуға атсалысып келеміз. Бүгінге дейін жоба аясында мемлекеттік қызмет, ұлттық компаниялар, білім беру және ғылыми мекемелерде, сондай-ақ, өзге де салаларда еңбек ететін 200-ге жуық жас маман біліктілігін шыңдады. «Талдау мектебінің» төртінші кезеңі 2025 жылдың 11 қаңтары мен 1 наурызы аралығында ұйымдастырылады. Дәрістер дәстүрлі түрде әр сенбі сайын өтіп отырады, - деді Сенат төрағасы.

Төртінші кезеңнің тақырыбы – «Мәліметтерге негізделген шешімдер қабылдау (Data-Driven Decision Making) процесіндегі талдау және цифрлық тетіктер». Қатысушылар сегіз апталық курстар аясында осы бағыттағы қолданбалы әдіс-тәсілдерді меңгереді. Мектеп қатысушыларына белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар дәріс оқып, ментор ретінде бағыт-бағдар көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы