Таксистер мен курьерлер де салық төлей ме?

11 Сәуір 2025, 17:43
1254
Бөлісу:
Таксистер мен курьерлер де салық төлей ме?
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстанда платформа арқылы, мысалы, Яндекс, Glovo сынды қызметтерде жұмыс істейтін азаматтарға салық төлеудің жеңілдетілген жүйесі сақталады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, тіркелмеген жеке тұлғалар 15 миллион теңгеге дейінгі табыспен заңды түрде қызмет көрсете алады. Бұрын жеке кәсіпкер (ИП) ретінде тіркелу үшін азаматтың жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асуы керек еді (бүгінде бұл шамамен 1 млн теңге). Енді бұл шек ұлғайтылып отыр.

Платформалық жұмыспен қамтылған азаматтарға ИП ретінде тіркелмей-ақ, әлеуметтік төлемдерді орындауға мүмкіндік беріледі. Олар табыстарынан 4% төлейді – оның бәрі әлеуметтік төлемдерге бағытталады. Яғни салық жүктемесі жоқ, барлығы жеңілдетілген тәртіппен реттеледі, – деді вице-министр Мәжілістегі Қоғамдық палата отырысында.

Мұндай жүйеде жұмыс істейтіндер үшін Glovo, Яндекс сияқты платформалар салық төлемдерін автоматты түрде оператор ретінде аударып отырады. Қаржы министрлігі бұл жүйені әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы