Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таксиге отырған жолаушы жөтеле бастаған. Жүргізушіге Уханьнан келгенін айтып, ауруханаға жеткізуін өтінген.
Қытай Халық Республикасындағы Хэнань провинциясында такси жүргізушісі жолаушыны түсіріп кеткен. Себебі ол коронавирус тараған Ухань провинциясынан келгенін айтқан.
Оқиғаның видеосы YouTube желісінде тарады.
Кадрда маска киген жігіт көлікке отырғанын және жөтеле бастағанын көруге болады. Жүргізуші қайдан келгенін сұрайды, ол Хэбэй провинциясының Баодин округінен келгенін айтады.
Бірақ жүргізуші оған сенбей, сөйлеген сөзі басқа аймақтың сөзіне ұқсайтынын айтады. Сонда жолаушы Уханьнан келгенін және шұғыл ауруханаға жеткізуін өтінеді.
Содан соң жүргізуші көлікті тоқтатып, жолаушыдан түсуін сұрайды.
Сізге көліктен түскен жөн. Тезірек түсіңіз, - деген талап қояды.
Жолаушы түскен соң, такси жүргізушісі полицияға хабарласа бастайды.
Айта кетсек, өткен жылдың соңында ҚХР Ухань провинциясында коронавирус тарады.