Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таиландта туристер мінген пойыз апатқа ұшырады

Бүгiн, 13:50
172
Бөлісу:
 Khaosod басылымы
Фото: Khaosod басылымы

Таиландтың батысындағы Канчанабури провинциясында теміржол апаты болды: маневрлік локомотив туристері бар жолаушылар пойызына соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Khaosod басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Намток станциясында болған. Жолаушылар вагондары жоспарлы локомотив ауыстыруды күтіп тұрған сәтте, станцияға келген тепловоз кенет жоғары жылдамдықпен вагондардың бірін соғып өткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 18 турист жарақат алған, олардың төртеуінің жағдайы ауыр.

Станция қызметкерлерінің айтуынша, апатқа маневрлік локомотивтің техникалық ақауы себеп болуы мүмкін.  Тепловоз кері жүріске шыққан кезде тежегіштердің істен шығуы соқтығысқа әкелген деген болжам бар.

Жергілікті қызметтер оқиғаның нақты мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы