Таиландта теңізге түсем деп зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.
"Артурдан айырылып қалдық", - деп жазды ол Instagram-да.
Таиландтың Пхукет қаласында демалып жүрген қазақстандық туристер жағалауға шектеу белгісі қойылған аумақтан асып, биік толқындар алысқа алып кеткен. Оның комада жатқанын бұған дейін хабарлағанбыз.