Таиланд пен Кувейтке тұрақты рейстермен ұшуға болады

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 31 қазаннан бастап&nbsp;<span style="background-color:white;color:black;font-family:&quot;Arial&quot;,sans-serif;font-size:10.5pt;line-height:115%;mso-ansi-language:KZ;mso-bidi-language:AR-SA;mso-fareast-font-family:Arial;mso-fareast-language:RU;">«</span>Эйр Астана<span style="background-color:white;color:black;font-family:&quot;Arial&quot;,sans-serif;font-size:10.5pt;line-height:115%;mso-ansi-language:KZ;mso-bidi-language:AR-SA;mso-fareast-font-family:Arial;mso-fareast-language:RU;">»</span>&nbsp;әуе компаниясы аптаның бейсенбі және жексенбі күндері А320LR әуе кемесімен Алматы-Пхукет бағытында 2 рет тұрақты рейс орындайды.</p>

13 Желтоқсан 2021 2021, 21:00
АВТОР
 13 Желтоқсан 2021 2021, 21:00
13 Желтоқсан 2021 2021, 21:00
1252

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 31 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы аптаның бейсенбі және жексенбі күндері А320LR әуе кемесімен Алматы-Пхукет бағытында 2 рет тұрақты рейс орындайды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы және Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағытта сәрсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейс орындай бастады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Наверх