Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыс күшейіп, екі тұрғын көз жұмды

Бүгiн, 07:48
74
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Камбоджаның Ұлттық қорғаныс министрлігі Таиланд армиясының артиллериялық атысы салдарынан екі бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның дерегінше, оқиға Бантеймантий провинциясының Тхма Пхуок округі маңында болған.

Министрлік мәлімдемесінде Таиланд тарапынан Камбоджа аумағына бағытталған атқылау күшейгені айтылған. Сол сәтте №56 ұлттық автожолымен жүріп келе жатқан екі камбоджалық азамат снаряд жарылысынан мерт болған.

Бұған дейін, 9 желтоқсанда, Таиланд әскері Камбоджа қарулы күштері Таиландтың шығыс провинцияларына реактивті жүйелерден соққы жасағанын хабарлаған. Бангкок бұл әрекеті шекарадағы тұрғындарды қорғау мақсатында жауап ретінде күш қолдануға мәжбүр болғанын атап өтті.

Сонымен қатар бір күн бұрын Таиланд армиясы Камбоджа аумағында орналасқан ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару орталығын жойғанын жариялады. Тай әскері орталық жергілікті казино аумағында орналасқан деп болжаған.

Өзгелердің жаңалығы