Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таиланд королінің анасы қайтыс болды

25 Қазан 2025, 15:08
369
Бөлісу:
 Bangkok Post / Х
Фото: Bangkok Post / Х

93 жасында Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнның анасы, бұрынғы патшайым Сирикит өмірден өтті. Ол елдің бұрынғы монархы Пхумипон Адульядетпен 60 жылдан астам уақыт некеде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Пхумипон Адульядет Таиланд тарихында ең ұзақ билік еткен патша саналады — ол 1950 жылы таққа отырып, 2016 жылы қайтыс болған. Король мен Сирикиттің үйлену тойы таққа отыру салтанатына бірнеше апта қалғанда өткен. Сирикит болашақ жары Пхумипонмен Парижде музыка оқып жүрген кезінде, әкесі Франциядағы Таиланд елшісі болып қызмет атқарған тұста танысқан.

Сирикит Таиланд халқының ерекше құрметіне ие болған. Оның туған күні — 12 тамыз  — 1976 жылдан  бері елде Ана күні ретінде аталып өтеді.

Қолданыстағы патша Маха Вачиралонгкорн анасына мемлекеттік деңгейде қоштасу рәсімін ұйымдастыруды тапсырды. Сирикиттің мәйіті Бангкоктағы Ананда Самакхом сарайының Тақ залына қойылады, онда тұрғындар келіп қоштаса алады.

Айта кетейік, Таиланд корольдік отбасы мүшелері бір жыл бойы аза тұтады.

Өзгелердің жаңалығы