Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таиланд – Камбоджа қақтығысы: атысты тоқтату жөніндегі келіссөздер өтеді

Бүгiн, 07:13
98
Бөлісу:
 Charles Dharapak/AP
Фото: Charles Dharapak/AP

Таиланд пен Камбоджаның бас шекара комитеті елдер арасындағы қақтығыс аймағында атысты тоқтату режимін белгілеу мәселесін 27 желтоқсанда өтетін жоғары деңгейдегі отырыста талқылайды. Бұл туралы Таиландтың Сыртқы істер министрлігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

24-26 желтоқсан аралығында осы тетік шеңберінде келіссөздер хатшылық деңгейінде өтеді.

Нақты жоғары деңгейдегі отырыс 27 желтоқсанда жоспарланған. Бұл – бас шекара комитетінің барлық отырыстарына тән стандартты формат, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына (АСЕАН) мүше елдер Таиланд пен Камбоджа арасындағы шекаралық қақтығыс аймағында атысты тоқтату режимін орнату жөніндегі талқылаулардың басталуын құптаған болатын. Ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері жанжал тараптарына 28 шілдедегі атысты тоқтату туралы келісімді, 7 тамызда өткен бас шекара комитетінің кезектен тыс отырысының шешімдерін, сондай-ақ 2025 жылғы 26 қазанда қабылданған Куала-Лумпур бірлескен декларациясын толық әрі тиімді орындауға шақырды.

Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыстар 7 желтоқсанда басталған. Таиланд құрлық әскерінің мәліметінше, 8 желтоқсанда Камбоджа әскери күштері шекара маңындағы тай позицияларына артиллериялық соққы жасаған. Бұған жауап ретінде Таиланд әуе күштері Камбоджаның әскери инфрақұрылым нысандарына соққы берген.

Өзгелердің жаңалығы