"Тағы екі зауыт қайдан шықты?". Экология министрі Үкімет басшысынан кешірім сұрады

12 Наурыз 2024, 11:43
679
Бөлісу:
"Тағы екі зауыт қайдан шықты?". Экология министрі Үкімет басшысынан кешірім сұрады
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың мәліметіне күмәнмен қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің сұрағым бар. Маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, 35 жаңа зауыт салынады деп еді, ал сіз баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады деп айттыңыз. Тағы 2 зауыт қайдан қосылды?, - деп сұрады Премьер-министр Нысанбаевтан.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев тағы екі зауыттың Астана қаласынан қосылып отырғанын айтты.

Тағы екеуі Астана қаласынан қосылды. Кешірім сұраймын, кеше баяндамаға қосты. Өткен аптада презентацияға алдын ала беріп қойғанмыз, - дейді Экология министрі.

Премьер-министр Олжас Бектенов "37 жоба бұл іске қосылатын нақты жобалар ма?" деп сұрағын нақтылады.

Сіз тапсырма бергеннен кейін осы жобалардың бәрін күнделікті әр әкімдіктен жауапты әкімнің орынбасары мен өңірдегі басқармалардың қызметкерлерімен бірлесе отырып, әр жобаны қарады. Оларды іске асыруға деңгейі жоғары, - деп жауап берді Экология және табиғи ресурстар министрі.

Өзгелердің жаңалығы