Түркістан облысында оқушы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, жасөспірім 10-сыныпта оқыған. Қайғылы жағдай Бәйдібек ауданында орын алды. Оқушының мұндай қадамға баруына не себеп болғаны тергеу құпиясына жататындықтан жарияланбайтыны айтылды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 105-бап, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Сәйкес нұсқаулар берілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-тармағына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды, - деді Түркістан облыстық прокуратурасы.
Қылмыстық іс облыстық прокуратураның бақылауына алынды.