Тағы да шахтада жарылыс болды

31 Наурыз 2025, 15:50
980
Бөлісу:
Тағы да шахтада жарылыс болды
Фото: BAQ.KZ архив

Испанияның Астурия аймағындағы көмір шахтасында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі El Mundo басылымына сілтеме жасап.


Оқиға салдарынан екі жұмысшы қаза тауып, тағы төрт адам үйінді астында қалып қойды. Ал үш адам жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмыс кезінде шахта машиналарының бірі жанып, артынша жарылған. Осыған байланысты адамдар күйік алып, ауыр жарақаттар алған.

Екі ауыр жараланған адам алдымен Леондағы медициналық орталыққа жеткізілді. Кейін олардың бірін санитарлық тікұшақпен мамандандырылған ауруханаға, ал екіншісін жедел жәрдем көлігімен басқа медициналық мекемеге алып кетті. Тағы бір жараланған адам Cangas del Narcea ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнында құтқарушылар, жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Тау-кен құтқару қызметі Hunosa, кинологтар және арнайы техника шахтерлерді табу және эвакуациялау үшін операцияға жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы