Тағы да өрт. Алакөл орман шаруашылығы аумағында өрт шықты

8 Қыркүйек 2022, 16:44
1969
Бөлісу:
Тағы да өрт. Алакөл орман шаруашылығы аумағында өрт шықты

Алакөл ауданында Достық станциясының маңында таулы жерде құрғақ шөп өртенді. Өрт туралы ақпарат  8 қыркүйек күні  сағат 04:30-да келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алакөл орман шаруашылығы аумағында құрғақ шөп пен бұта өртенген. Бастапқыда өрт алаңы 60 га болған, өрт Кендір Сақал учаскесін де шарпыған.

Өрт қылқан жапырақты орманға шауып кетуі мүмкін.

Өртті сөндіруге барлығы 125 адам, алты техника, 20 аспалы бүріккіш және бес жылқы жұмылдырылды.

Сағат 09: 49-да Талдықорғаннан ТЖД жеке құрамы (45 қызметкер және бес техника) жіберілді. Өрт орнына дейінгі қашықтық 490 км.

Сағат 14: 04-те "Қазавиақұтқару" Ми-8 тікұшағы Талдықорған әуежайынан Алакөл ауданына ұшып кетті. Сағат 15: 00-де өрт алаңы алдын ала 100 га болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдаған болатын. Президент Премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бір аптада еліміздің 9 өңірінде ауқымды өрт тіркелгендігі туралы жазған едік.

Сонымен қатар, Смайылов төтенше жағдайларға дайындықты толық тексеруді тапсырған еді.

Өзгелердің жаңалығы