Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жеңіл автокөліктерден құралған кортеж видеоға түсіп қалған.
Жол жүру ережелерін өрескел бұзған кортеждің видеосы "Жолдарды бақылау" қоғамдық бірлестігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланған.
Видео көшеде кетіп бара жатқан көліктің ішінде түсірілген. Кадрларда бірнеше автокөлік байқалады, олардың біреуі кері қарай жүріп бара жатады. Бұдан бөлек, жігіттердің автокөлік терезесінен беліне дейн шығып тұрғаны да көрінеді. Видеода полицияның арнайы дабылына ұқсас сигнал естіледі.
Видеоны түсіріп отырған адамның көлігі страбоскоппен жасақталған.
Facebook пайдаланушы Денис Шевченконың айтуынша, оқыс оқиға Түркістан орталық көшесінде болған.
Полиция патрульдері қайда? Тәртіп қайда?, - деп жазды ол.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің сөзінше, бұл видеоның қашан және қай жерде түсірілгені анықталуда.