Тағы бір жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады

 Артём Чурсинов  -архив 6 Тамыз 2024 2024, 12:38
6 Тамыз 2024 2024, 12:38
19683
Фото: -архив

"Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей қаласы әкімдігі "Отбасы банк" АҚ бірлесіп тамыз айында "Абай жастары" бағдарламасын іске қосады.

Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның ішіне түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Құжаттарды қабылдау биыл 20 тамызда басталады. Қатысу шарттары жақын күндері Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік, 2023 жылы осы бағдарлама арқылы 41 азамат баспаналы болды.

Наверх