Тағы бір облыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беретін болды

10 Сәуір 2025, 19:08
1047
Бөлісу:
Тағы бір облыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беретін болды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жетісу облысында Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне біржолғы төлемдер беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының редакциямызға берген жауабына сәйкес, 2025 жылы Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер мен оларға теңестірілген санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Облыста қазіргі уақытта бар болғаны 3 соғыс ардагері қалған. Олардың әрқайсысына 5 миллион теңгеден төлем беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, төмендегі санаттағы азаматтар да мемлекеттік қолдаудан тыс қалмайды:

  • Соғыста қаза тапқан немесе мүгедек болған жауынгерлердің жесірлеріне – 52 адамға 100 мың теңгеден,
  • Фашистік концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқынына – 1 адамға 100 мың теңге,
  • Тыл еңбеккерлеріне (барлығы 1738 адам) – 100 мың теңгеден төленеді.
Өзгелердің жаңалығы