Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол осыған дейін Мәжіліс депутаты болған. 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қызмет жолын кәсіпкер ретінде бастаған.
2005 жылы "Алматы құс" ААҚ ("Сеймар"тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры.
2007 жылғы ақпан-2010 жылғы шілде-Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.
2010 жылғы шілде-2012 жылғы қараша - "Eastcomtrans" ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.
2012 жылғы қараша-2018 жылғы мамыр - "Ақ ниет" ЖШС Бас директоры.
2018 жылғы қараша-2019 жылғы сәуір - "Ақ ниет" ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі.
2023 жылғы 29 наурыздан бастап - "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты "Respublica"партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.