Тағы бір аймақта вакцинацияланғандардың арасында пәтер ойнатылады

24 Маусым 2021, 15:48
6159
Бөлісу:
Тағы бір аймақта вакцинацияланғандардың арасында пәтер ойнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында «Екпе ал да, екі бөлмелі пәтер ұтып ал» акциясы басталды. Бұл туралы Тumba.kz сайты хабарлады.

Ағымдағы жылдың 22 маусымынан бастап акцияға вакцинациядан өткен өңірдің кез келген тұрғыны қатыса алады. Мақсат-вакцинацияның маңыздылығын атап өту және ерікті вакцинацияны ынталандыру, деп түсіндірді облыстың денсаулық сақтау басқармасында.

Акцияға қатысу үшін кез келген адам тұрғылықты жері бойынша емханада вакцинациядан өтіп, QR-код арқылы сайтқа тіркелуі қажет. Акция бір айға созылады. Әр жұмада ұялы телефондар мен тұрмыстық техника сияқты бағалы сыйлықтар ойнатылады. Акцияның соңғы күні Ақтауда 2 бөлмелі пәтер ойнатылады. Бұл туралы акцияны ұйымдастырушы Нұрлан Қуанышбай айтты.

Акцияның бірінші күні, түске қарай, екі жүзге жуық адам екпе алды. Жалпы, аймақта коронавирусқа қарсы препаратты 55 мыңға жуық тұрғын алған.

Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындары да вакцина алу арқылы 2 бөлмелі пәтер ұтып алуы мүмкін екенін қала басшысы Алтай Көлгінов айтқан болатын.  



Өзгелердің жаңалығы