Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар туралы мәліметті жариялады.
Оған сәйкес, 17 қаңтар күні Қазақстан аумағында 10 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтыс болған. Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Маңғыстау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Әр өңірде екі адамнан көз жұмған.
Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында - бір адамнан көз жұмды. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.