жемқорлық
-
-
Сапарбаев: Біз жемқорлықтың барын ашық мойындауымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысын өткізді, оның барысында түрлі мәселелер талқыланды.
15.11.2019
-
"Аграрлық несие корпорациясы" басқарушы директоры алаяқтыққа қатысты күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
13.11.2019
-
Мектеп-интернат директоры бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті ретінде "Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесінің директоры Б. Бұйрашева, шаруашылық мәселелері жөніндегі директор орынбасары Г. Күбиева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Б. Файзуллинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
13.11.2019
-
Ақтауда жемқорлыққа қарсы квест өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы және "Азаматтық құқық" ұйымының ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ" атты тақырыпта марафон квест өткізілді.
11.11.2019
-
Бізде ортақ үй деген түсінік жоқ. Ермек Тұрсынов жемқорлық жайлы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бізде Қазақстан ортақ үйіміз деген түсінік жоқ, барлығы елді пайдаланып қалғысы келеді. Мәселен, америкалықтарда, немістерде, голандықтарда ондай сезім бар. Біздің түсінігіміздегі "үй" табалдырықты аттаған соң-ақ аяқталады. Бұл туралы кино режиссер Ермек Тұрсынов сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда айтты.
08.11.2019
-
Мәлік Мырзалин 8 жасар ұлының жауабын мысалға келтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин бүгінгі өткен алқа отырысында "жемқорлық деген не?" деген сауалға 8 жасар ұлының берген жауабы жөнінде әңгімелеп берді.
31.10.2019
-
Атырауда жемқорлық деңгейі жоғары болып тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 31 қазанда Nur Otan партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.
30.10.2019
-
Қандай мемлекеттік қызметтер сыбайлас жемқорлыққа бейім?
Сонымен бірге, Комиссия басшысы 2025 жылдың 4 тоқсанына дейін Қазақстанның барлық аймағында мүлікті түгендеу мен инженерлік коммуникацияларды цифрлық жүйеге енгізуді ұсынды.
23.10.2019
-
Полиция қызметкерлері сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірқатар өңірлерінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шығарылды.
23.10.2019
-
Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа кеңесінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына (СЖКМТ) қосылу келісіміне қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен хабарлады.
15.10.2019
-
Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметінен шеттетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығын қызметтік міндетін атқарудан шеттетті.
08.10.2019
-
Ақмола облысында екі полковник ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында жоғары лауазымды екі полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
04.10.2019
-
Біз жемқорлықтан ең таза өңір болуымыз керек – Шөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы басшысының басқаруымен өткен жиында жемқорлықпен күрестің оң нәтижелері айтылды.
25.09.2019
-
Биыл Павлодар облысында жемқорлыққа жол берген бес полицей жұмыстан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаментінде ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
20.09.2019
-
Байбек жоғары оқу орындарында жемқорлықты жоюдың маңыздылығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Адал білім» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан Қазақ гуманитарлық заң университетінің жаңа жобаларымен және коворкинг-орталығымен танысты.
13.09.2019
-
Қызылорда, Алматы, Атырау: парақорлық жиі тіркелген өңірлер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтардың пікірінше, Жамбыл, Атырау, Алматы облыстары – жиі пара алатын өңірлер. Ал кәсіпкерлер мұндай тізімге Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентті жатқызды.
12.09.2019
-
"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жол парақтарын алып тастауды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жеңіл автокөліктерге арналған жол парақтарын алып тастауды ұсынды.
08.08.2019
-
Мұрат Төлеубаев: Шенеуніктер жайлы қалыптасқан жағымсыз пікірлерден құтылатын уақыт келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалында қайта даярлау курстарынан өткелі жатқан мемлекеттік қызметке алғаш түскен жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті.
07.08.2019
-
Ақтөбеде жемқорлықпен күреске дін өкілдері тартылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік шенділер жемқорлықпен күрес жұмыстарына дін өкілдерінің араласуын сұрады. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
06.08.2019
-
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту ұсыныстарынан соң 225 басшы жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдарға 1700 жуық ұсыныс енгізген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.
01.08.2019
Наверх