Жазушы
-
-
~
Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш», Абай, Махамбет сыйлықтарының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың «Сұлубайдың әні» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп жатыр.
22.04.2019
-
~
Мектепте оқушыдан Асан қайғы мен Қобыландыға хат жазу талап етілуде – жазушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біздің әдебиетімізді, әсіресе уақыт сынынан өткен классикалық үлгідегі әдебиетімізді балаларымыз мектепте оқи алмау қаупі бар. Оған жазушыларымыздың көпшілігі назар аудара бермейді. Бұл туралы 2018 жылы шыққан көркем шығармаларды талқылауға арналған жиында филология ғылымдарының докторы, профессор Жаңғара Дәдебай айтты.
19.04.2019
-
~
Балалар әдебиетінің қазіргі ахуалы мәз емес – жазушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тәрбиелік мәні зор балалар әдебиетінің қазіргі қал-ахуалы кереметтей деп айта алмаймын. Себебі мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптардың ішінде балалар әдебиеті ілуде біреу ғана кездеседі. Жоқтың қасы. Ал шыға қалса, таралымы 200-300 данадан аспайды. Бұл туралы жазушы Арасанбай Естен Жазушылар одағында өтіп жатқан жиын барысында айтты.
19.04.2019
-
~
Көркем шығармаларда «көретін боламыз» деп орыс тілінің орамымен сөйлейтін кейіпкерлер көбейді – жазушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір журналист жазушылар көбейіп кетті. Солардың көбі термин сөзді тақырып етіп алады. Мысалы, «Лифты», «Бильярд», «Подъезд» деген әңгімелер көбейіп кетті. Бұл туралы 2018 жылы шыққан көркем шығармаларды талқылауға арналған жиында проза кеңесінің төрағасы, жазушы Қуандық Түменбай айтты.
19.04.2019
-
~
Жазушылар одағында Əдеби жыл қорытындысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 19 сəуір күні сағат 10.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде дəстүрлі Əдеби жыл қорытындысына арналған жиын өтеді. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.
16.04.2019
-
~
Жазушылар одағында сайлауға қатысты кеңейтілген жиын өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Жазушылар одағында еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына қатысты қаламгерлердің кеңейтілген жиыны өтті.
10.04.2019
-
~
Президент сайлауы – 2019. Жаңа үміткерлермен таныс болуымыз мүмкін
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Темірді қызған кезінде соғу керек» дейді ғой, сол сияқты президент сайлауын уақытында өткізіп алғанымыз дұрыс. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек БАҚ өкілдеріне пікір білдіру кезінде айтты.
09.04.2019
-
~
Президент сайлауы – 2019. Бұрынғы сайлаулардан бұл сайлаудың жөні бөлек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тезірек Мемлекет басшысын сайлап алып, ары қарайғы даму бағдарламаларымызды жасау керек. Бұл туралы ақын Ғалым Жайлыбай пікір білдіру кезінде айтты.
09.04.2019
-
~
Президент сайлауы – 2019. Елдің бәрі елеңдеп отыр – жазушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы сайлау ерекше оқиға. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ірі оқиғалардың бірі деп айтар едім, деп пікір білдірді жазушы Жұмаш Кенебай.
09.04.2019
-
~
Президент сайлауы – 2019. Мұндай кезде ел бірлігіне сызат түспеуі керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент сайлауын өткізу дер кезінде қабылданған шешім, оны жазушылар қолдаймыз. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар басқарамасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып пікір білдіру кезінде айтты.
09.04.2019
-
~
Президент сайлауы – 2019. Бұл сайлаудың саяси да, тарихи да маңызы зор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің “сайлаудың демократиялы әділ, таза болып өтуіне мен өзім гарант боламын” деген сөзі көкейімде қалды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пікір білдіру кезінде айтты.
09.04.2019
-
~
Маңғыстау облысында алғаш рет жаһандық театрлар фестивалі өтеді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Қыркүйекте облыс орталығында заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі өтеді деп жоспарланып отыр.
01.04.2019
-
~
Халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың ескерткіші ашылды
Атырау, BAQ.KZ. Атырау қаласындағы Алмагүл ықшам ауданында Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбу Сәрсенбаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.
06.03.2019
Наверх