Инфографика
-
-
~
Тоқаев 1 жылда еліміздің қанша өңірін аралады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қалауымен президенттіктен бас тартқан еді. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артып, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінетінін мәлімдеді. 2020 жылдың 19 наурызынан бастап, Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алды. Бір жылда мемлекет басшысы біршама жұмыс атқарды. Ол бір жылда 72 рет шетелдік өкілдерді, 211 рет ел азаматтарын қабылдады. Сонымен қатар, 159 жарлық (қаулы), 101 өкім шығарып, 64 заңға қол қойды. Билік тізгіні қолына тиген бір жылдың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев 74 кадрды қызметке тағайындап, 59 адамды жұмыстан босатса, 4 қызметкерге қатаң сөгіс берді.
20.03.2020
-
~
Тоқаев бір жылда қандай жұмыстар атқарды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Ол Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артты. Елді басқарғанына бір жыл болған мемлекет басшысы жыл көлемінде қандай жұмыстар атқарды?
19.03.2020
-
~
"Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасының мақсаты қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі Волонтер жылы аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 ақпанда ЭКСПО көрмесінің Art Hub павильонында орналасқан волонтерлердің "BIRGEMIZ" республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты. Фронт-офис республика бойынша кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық қызметтерін атқарады.
16.03.2020
-
~
Қазақстан халқының саны қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті биыл Қазақстан халқының санағын жүргізуді 2020 жылға ауыстыру жоспарлап отыр. Комитет мәліметінше, Қазақстан заңнамасы және халықаралық ұсыныстар бойынша, халық санағы кемінде он жылда бір рет жүргізіледі. Қазір Қазақстан халқының саны 18 млн-нан асты. Толығырақ ұсынылған инфографикада.
03.03.2020
-
~
Қай өңірде көліктің VIP нөміріне деген қызығушылық жоғары?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2014 жылдан бері көліктерге мемлекеттік тіркеу нөмірін алар кезде VIP нөмір таңдап алуға мүмкіндік беріліп келеді. 2018 жылы қазақстандықтар 14909 нөмір сатып алса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 12658-ді құраған. Әдеттегідей "әдемі" нөмірлерге деген сұраныс Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жоғары.
02.03.2020
-
~
Нұр-Сұлтандағы автобус жолақысының қолданыстағы және жаңа тарифтері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы "City Transportation Systems" компаниясы (бұған дейінгі атауы - "Астана LRT" ЖШС) жолаушылар автобусындағы жолақының қолданыстағы және жаңа тарифтерін ұсынды.
28.02.2020
-
~
Соңғы 3 жыл ішінде тасқын судың алдын алу жұмыстары қалай жүргізіліп келеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 ақпан күні өткен Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде су тасқынының алдын алу мақсатында төтенше резервте 34 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Сонымен қатар, 3 жыл бойы Қазақстанда су тасқынын алдын алу үшін қандай шаралар қолданғанын айтып өтті.
28.02.2020
-
~
Коронавирус: ДСМ ауру тараған қауіпті елдерді санаттарға бөліп тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі жағдайды ескере отырып, ҚР Бас санитариялық дәрігердің арнайы қаулысы қабылданды. Ол 1 наурыздан бастап өз күшіне енеді. Оған сәйкес қауіпті елдердің 1-санатына Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Италия, Иран, Гонконг, Жапония, Макао және Тайвань (ҚХР) арнайы әкімшілік ауданы сияқты елдер кірді. Енді осы елдерден келген азаматтар 14 күн бойы өзін қоғамнан барынша оқшаулауы тиіс.
27.02.2020
-
~
Елордада су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар қабылданды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада өткен Үкімет отырысында Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда су тасқынының алдын алу үшін тікұшақ сатып алынғанын айтты. Қала әкімі су тасқынының алдын алудағы күштер мен құралдардың дайындығына да тоқталды.
27.02.2020
-
~
Тасқын суға дайындық: өзендердің деңгейі қандай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Үкімет отырысында 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдай негізінде Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында көктемгі су көп болады деп күтілуде.
26.02.2020
-
~
Нұр-Сұлтанның қай ауданында су басу қаупі жоғары?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстандағы су тасқыны қаупін алдын алу мақсатында арнайы штаб құрылып, қар еру кезінде тасқын судың алдын алу бойынша кешенді жоспар бекітілгені белгілі болды. Елорда әкімі астанада 37 орында су тасуы ықтимал екенін мәлімдеді.
25.02.2020
-
~
"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы іске асқан кезде неге қол жеткіземіз?
"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы іске асқан кезде келесі нәтижелерге қол жеткіземіз.
21.02.2020
-
~
Биыл қандай анықтамалар жойылды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар медициналық анықтаманың қағаз нұсқасын жойды.
20.02.2020
-
~
Тегін медициналық көмек пакетіне енетін қызмет түрлері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның барлық азаматы мен елімізде тұратын шетелдіктер тегін көмек пакетін пайдалана алады.
19.02.2020
-
~
Елімізде 180 мың адам онкологиялық диспансерлік есепте тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы қатерлі ісікке шалдыққан 36345 адам тіркелген. Қазақстанда қатерлі ісікітің ең көп тараған түрі сүт безі, колоректалды, өкпе, жатыр мойыны және асқазан обыры.
19.02.2020
-
~
Елімізде ең қымбат май бағасы қай қалада тіркелді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр Қазақстанда 132,7 мың тонна тазартылған май өндірілді. Оның ішінде ШҚО өндірушілері жалпы күнбағыс майы нарығының басым бөлігін қамтып отыр.
18.02.2020
-
~
Шетелдік нөмірлі көлікті қалай уақытша тіркеуге болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уақытша тіркеуге тұру үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тиісті құжаттарды тапсыру қажет.
13.02.2020
-
~
Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамту үшін қандай шаралар іске асырылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, қуаты 105 мың тонна 25 сүт фермасы салынады.
12.02.2020
-
~
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының жаңа кезеңі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордада өткен Ұлттық комиссияның отырысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылуын 3 бағыт бойынша қолға алынатыны белгілі болды.
07.02.2020
-
~
Қаңтар айында бензин бағасы 2,7% қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, елімізде қаңтар айында көкөніс – 5,6, жұмыртқа – 1,6, жарма – 1,5, макарон өнімдері – 1%-ға қымбаттаған.
06.02.2020
Наверх