Алматы
-
-
Сағынтаев: Алматы – тек тау шаңғысы курорты ғана емес
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тау шаңғысы аспектісінде тұралап қалмай, қаланың бай туристік әлеуетін дамыту қажет екенін атап өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05.09.2019
-
Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылады
Алматы, BAQ.KZ. Жаңа басқарманың міндеті — келер жылдың аяғына дейін қажетті мемқызметтерді толық автоматтандыру. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қала активінің отырысында айтты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
05.09.2019
-
Сағынтаев: Әрбір алматылықтың кәсіпкер болуға мүмкіндігі бар
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті қолдаудың нақтылы шаралары туралы айтты.
05.09.2019
-
Алматылықтардың өтініштеріне назар аудармаған басшылар жауапкершілікке тартылады – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттің негізгі міндеті — азаматтардың барлық конструктивті сауалына жедел әрі нақтылы жауап беру екенін атап өтті.
05.09.2019
-
Алматы көшелеріне тағы 1000 камера орнатылады
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі қала активінің жиналысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша айтып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05.09.2019
-
Баталов: Әкімдер отандық және шетелдік инветорларды тартуды күшейтуі тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен Президент Жолдауын талқылау жөніндегі жиын өтті.
04.09.2019
-
Алматылықтар "Фаризаны" тамашалай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 5-6 қыркүйегінде сағат 19:00-де Алматы қаласында, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында “ФАРИЗА” спектаклінің премьерасы қойылады.
04.09.2019
-
Нұр-Сұлтан мен Алматы жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақтың «БізАлматы» жобасының конференциясы аясында 12 қыркүйекте Astana International Campus алаңында «Қала тұрғындарын қаланы дамытуға тарту бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тәжірибе алмасуы» атты конференция өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
04.09.2019
-
Алматы облысында 1600-ден астам жұмыс орны құрылады
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Алматы облысына жасаған сапары барысында Іле ауданындағы «Береке» индустриалды аймағында болды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
04.09.2019
-
Алматы қаласының стратегия және бюджет басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің өкімімен Нұртас Қайыров Алматы қаласының стратегия және бюджет басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
04.09.2019
-
Алматы облысында күн электр стансасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Қапшағай қаласында «Eneverse Kunkuat» ЖШС-ның «Nurǵısa 100 МВт Solar Park Qapshaǵaı» күн электр стансасының 100 мегаваттық 1-ші кезегі іске қосылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Алматы нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізу керек – Құлыбаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Алматы облысы, Жамбыл және Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінен тұратын көтерме орталықтарын құрғымыз келеді.
03.09.2019
-
Алматыда бойжеткенді автобус басып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы 8.00 шамасында №45 автобус Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезде, жаяу жүргіншіні басып кеткен, деп хабарлады Almaty.tv.
03.09.2019
-
Алматы кәсіпкерлер есебінен күн көруде – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік бизнесті дамыту үшін «Алматы бизнес-2025» бірыңғай бағдарламасы әзірленді.
03.09.2019
-
Мейрамбек Бесбаев жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің танымал эстрада жұлдызы, "МузАрт" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
03.09.2019
-
Алматыда оркестрлер фестивалі өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қыркүйектің 4-5 күндері «Окестрлер фестивалі-X» өтеді. Бұл туралы қаланың Мәдениет басқармасы хабарлады.
03.09.2019
-
Алматыда жоғалған бала самокатпен Қапшағайға кетіп бара жатқан жерінен табылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полицейлері 2 қыркүйек күні кешке жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Алматыда заманауи фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Наурызбай ауданының Қарағайлы елді мекенінде заманауи фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды.
02.09.2019
-
Әкім Наурызбай ауданында халықтың 50% су тапшылығын көріп отырғанын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Су тапшылығы ауданымыздағы ең үлкен мәселенің бірі. Халықтың 50%, яғни 69 мыңдай адам су тапшылығын көріп отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай брифинг кезінде айтты.
02.09.2019
-
Алматының Наурызбай ауданындағы ШОБ 7,5 есеге артты – әкім
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 7 ай көрсеткіші бойынша аудандағы Шағын және орта бизнес көлемі де 7,5 есеге артты. Бүгінгі таңда 5 мыңнан аса кәсіпкер бар. Бұл туралы Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай брифинг кезінде айтты.
02.09.2019
Наверх